• Shahzoda va To'reg'ali To'reali - Allo (qozoqcha) qo'shiq matni, lyrics

    Shahzoda

    Allo (qozoqcha)

    – Алло.
    – Алло. Бұл кім?
    – Кімді іздедің?
    – Таныдың ба?
    – Жұлдыз ба едің?
    – Иə, сенің жұлдызыңмын.
    Жан ашпаған сырды іздедім.
    – Кешіріңіз! Кім едіңіз?
    – Бір сұлудың тірегіміз.
    Əзір бойдақ, басымыз бос.
    – Бос орынға гүл егіңіз!

    [To’reg’ali To’reali]
    – Ой-ой-ой, қарындас, олай демеңіз,
    Сөйлейді солай неге қыз?
    Қырық үйден қарауыл болса,
    Қасыңа қалай келеміз?

    [Shahzoda va To’reg’ali To’reali]
    Кел, сырласайық,
    Кел, сырласайық,
    Қосылған солай көп егіз.

    [Shahzoda]
    – Ой-ой-ой, жігітім, олай демеңіз,
    Қалай біз оңай көнеміз?
    Бағамды біл, бағалай алсаң,
    Бағыңа қарай көреміз.

    [Shahzoda va To’reg’ali To’reali]
    Кел, сырласайық,
    Кел, сырласайық,
    Қосылған солай көп егіз.

    – Нешеде еді, шын жасыңыз?
    Сұлулардың сырласымыз.
    – Қыздың жасын сұрамайды.
    – Қай жылғы еді құрдасыңыз?
    – Құрдастарым келсе жүзге,
    Менің жасым – он сегізде.
    – Сізді сондай көргім кеп тұр,
    Сенбесеңіз, сенсеңіз де,

    [Shahzoda]
    – Жоқ-жоқ-жоқ, жігітім, олай демеңіз,
    Қалай біз оңай көнеміз?
    Бағамды біл, бағалай алсаң,
    Бағыңа қарай көреміз.

    [Shahzoda va To’reg’ali To’reali]
    Кел, сырласайық,
    Кел, сырласайық,
    Қосылған солай көп егіз.

    [To’reg’ali To’reali]
    – Ой-ой-ой, қарындас, олай демеңіз,
    Сөйлейді солай неге қыз?
    Қырық үйден қарауыл болса,
    Қасыңа қалай келеміз?

    [Shahzoda va To’reg’ali To’reali]
    Кел, сырласайық,
    Кел, сырласайық,
    Қосылған солай көп егіз.

    – Аллоо-о-о-о.
    – Аллоо-о-о-о.
    – Аллоо-о-о-о.
    – Аллоо-о-о-о….

    Ushbu qo`shiq matni uchun Bayram O`serov (bayko)ga minnatdorchilik bildiramiz.